Солтүстік Қазақстан облысының Есiл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызметтер және стандарттар

Мұрағат анықтамалары және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi

Халыққа қызмет көрсету орталығы баламалы негiзде мұрағат анықтамаларын және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жолданатын құжаттарды беру бойынша құжаттарды қабылдайды.

Бүгiнгi күнде ХҚКО бұл қызметтi алу үшiн, қажет: Қызмет алушының жеке куәлiгi және (немесе) өкiлеттiлiкке сенiмдi адамды куәландыратын құжат (қызмет алушының тұлғасын теңестiру үшiн), Толтырылған өтiнiм үлгiде, Мемлекеттiк мұрағаттың iлеспе хатымен дәйекшеге қойылған мөртабан, мемлекеттiк мұрағатпен берiлген мұрағат анықтамасын және (немесе) мұрағат құжаттарының көшiрмелерiн, Мемлекеттiк баж салығын төлегенi туралы төлемдi куәландыратын құжат.

Мұрағат анықтамалары мен мұрағат құжаттарын жеке және заңды тұлғалар үшiн айлық есеп көрсеткiшiнен мемлекеттiк баж салығы 50% құрайды.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмi — 20 күнтiзбелiк күнге дейiн (ХҚКО орналасқан жерiне байланысты).

«Қазақстанның тұрғын-үй, құрылыс жинақтау банкi» АҚ депозиттiк/несиелiк шотын толтыру

Қазақстандықтар өздерiнiң «Қазақстанның Тұрғын-үй, құрылыс жинақтау банкi» АҚ депозиттiк және несиелiк шоттарын www.egov.kz электрондық үкiмет порталында толтыра алады.

Порталда шотты толтырудың басты артықшылығы, шотты үйден шықпай толтыру болып келедi.

Шотты толтыру үшiн электрондық-цифрлiк қолтаңбаның болуы мiндеттi емес. Сiзге порталда авторландыруыңыз, «Онлайн төлеу» батырмасы арқылы өтiп, шоттың кодтық нөмiрiн енгiзуiңiз қажет. Одан соң операцияның үлгiсiн (несие, депозит) көрсету және төлейтiн соманың мөлшерiн көрсету керек.

Енгiзiлген деректердi және төлем мөлшерiн енгiзгеннен соң, төлем картасының дербес шоттың деректерiн енгiзу: нөмiрiн, иеленушiнiң ТАӘ, СVV-кодын және қолдану мерзiмiн.

Жеке кабинеттiң («Қызметтi төлеу тарихы» бөлiгiнде) төлеу жөнiндегi чекпен танысу.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспорты — бұл мүлiктiң нақты жай-күйiн көрсететiн ақпараттық-анықтамалық құжат. Бұл қызметтi сiзге бiздiң Республикамыздың кез келген ХҚКО-да алуыңызға болады. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспортты алу үшiн сiз ХҚКО-ға мына құжаттарды ұсынуға қажет боласыз: жеке басын куәландыратын құжат; бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар; жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беретiн акт; техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.

Қызмет көрсету мерзiмi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрiне байланысты болады: 3-шi жұмыс күнiне (пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге); 7-шi жұмыс күнiне (жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына); 10-шы жұмыс күнiне (жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне); 20-шы жұмыс күнiне (жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге).

БЖЗҚ зейнетақы есеп-шотынан көшірме

E-GOV порталы арқылы дербес несие есебін алу

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі

Электрондық үкімет порталында «Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» қызметі қол жетімді.

Қызметті онлайн тәртіпте алу үшін, сізге қажет:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Куәлікті алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.

Тіркеу есебіне тұру үшін өтініш беруші бұған дейін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркелмеуі тиіс. Салық органының коды өтініш берушің тұратын жері бойынша тіркелу мекенжайына сәйкес анықтамалық бойынша таңдалады.

Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында жүзеге асырылған «Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ДК, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан орны ретінде өзінің тұрғылықты мекен жайын (тіркелген) көрсетуші жеке тұлғаларға ғана қол жетімді.

Егер, жеке тұлғаның ДК, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан орны ретінде жоспарланып отырған мекен жайы тұрғылықты (тіркелен) мекен жайынан өзгеше болған жағдайда, ДК, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркелу мақсатында келу тәртібімен салық органдарының ақпаратты қабылдау өңдеу орталығына жүгінуді ұсынамыз«.

Қызмет көрсету нәтижесі — жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Жеке кәсіпкер патентін алу

Электрондық үкімет порталында «Жеке кәсіпкер патентін алу» қызметі қол жетімді.

www.egov.kz электрондық үкімет порталында қызмет алу үшін қажет:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  4. Куәлікті алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.

Қызметті алу үшін өтініш беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Онлайн қызметті Астана қаласының тұрғындары ала алады.

Қызмет көрсету нәтижесі —жеке кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимін пайдалануға арналған патент алу.

Біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын беру

www.elicense.kz. порталында «электронды лицензиялау» порталы арқылы қазақстандықтар біліктілік санаты берілмейтін маман сертификатын ала алады. Ол үшін қажет:

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында, алдын-ала электрондық цифрлық қолтаңбаны браузерге порттау (ЭЦҚ).
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің қажетті түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  5. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы — «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

ҚР «электрондық лицензиялау» порталындағы жұмыс үшін ЭЦҚ браузерге импорттау қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі — санат берілмейтін маман сертификатын алу.

Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушi;
  2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚО);
  3. кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап — 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде;
  2. ауылдық округтiң әкiмiне — жиырма екi жұмыс күнiнен асырмай;
  3. көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген күнi сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты бiр қызметтi алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан асырмай есептегенде, кезектегi адамдардың санына байланысты;
  4. көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минуттан аспайды.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

  1. нысан бойынша өтiнiш;
  2. көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты) (сәйкестендiру үшiн); сондай-ақ оралмандар үшiн — оралман куәлiгi;
  3. көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi баланың тууы туралы куәлiгiндегi деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некенi бұзу) туралы куәлiк (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейiн тұрған жағдайда);
  4. құжаттардың түпнұсқалары негiзiнде толтырылған осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
  5. осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табыстары туралы мәлiметтер;
  6. отбасының тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
  7. балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеудi немесе асырап алуды растайтын құжат;
  8. жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банк шотының нөмiрлерi туралы мәлiметтердi растай;
  9. өтiнiштi және қажеттi құжаттарды үшiншi адамдар берген жағдайда — сенiмхат.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатын, баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiн не (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша) туу туралы актiлiк жазбадан үзiндi көшiрменi, (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша) неке қию туралы куәлiктi, сондай-ақ 6), 7), 8) тармақшаларда көрсетiлген құжаттарды, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болған жағдайда талап етiлмейдi. Құжаттар: көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚО-ға түпнұсқаларда ұсынылады сканерден өткiзiледi, содан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою

Жалпы ережелер:

  1. «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
  2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.
  3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — 5 (бес) жұмыс күнi;
  2. көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген күнi сол жерде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алғанға дейiн құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 10 минуттан асырмай есептегенде, кезектегi адамдардың санына байланысты болады, ХҚО-ға және порталға жүгiнген кезде — бiр көрсетiлетiн қызметтi алушыға 15 минуттан аспайды;
  3. көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 10 минуттан аспайды, ХҚО-ға және порталға жүгiнген кезде — 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  • көрсетiлетiн қызметтi берушiге не ХҚО-ға: көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе паспорты, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi), сондай-ақ оралмандар үшiн — оралман куәлiгi (сәйкестендiру үшiн).

Салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасы берiледi, содан кейiн құжаттың түпнұсқасы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе ХҚО тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

  • порталда: көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiшi.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк қызметi

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

  • көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 8 (сегiз) жұмыс күнi;

мынадай құрылыс объектiлерi үшiн — 15 (он бес) жұмыс күнi:

  • электр және жылу энергиясын өндiретiн өндiрiстiк кәсiпорындар;
  • тау-кен өндiру және байыту өндiрiстiк кәсiпорындары;
  • қара және түстi металлургия, машина жасау өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк кәсiпорындары;
  • елдi мекендер мен аумақтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);

елдi мекендердiң шекараларынан тыс орналасқан желiлiк құрылыстар:

  • қызмет көрсету объектiлерiмен бiрге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
  • жоғары вольтты электр беру желiлерi және талшықты-оптикалық байланыс желiлерi;
  • қызмет көрсету объектiлерiмен бiрге темiржолдар;
  • көпiрлердi, көпiр өткелдерiн, тоннельдердi, көп деңгейлi айрықтарды қоса алғанда, республикалық желiге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары;
  • жер учаскесiнiң (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын, тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелерi мен жабдықтарын өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөлiктерiн) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзiрлеуге — 3 (үш) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚО-ға өтiнiш берген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  1. осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  2. тапсырыс берушi бекiткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрiмен расталған жобалауға арналған тапсырманың (оның iшiнде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) көшiрмесi (сәйкестендiру үшiн түпнұсқа).

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру

Бiлiм ұйымдарымен көрсетiлетiн «негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет бүгiнгi күнде ХҚКО арқылы пилоттық тәртiпте көрсету қарастырылған. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындарға тегiн көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 10- күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.

Мемлекеттiк қызметтi алушылар келесi құжаттарды ұсынады:

  1. бiлiм ұйымы жетекшiсiнiң атына құжатын жоғалтқан азаматтың арызы, жоғалтқандығы жөнiнде талқылап, баяндайды;
  2. құжаттың жоғалғандығы жайында берiлген құжаттың тiркелген күнi және нөмiрi көрсетiлген газеттен көшiрме;
  3. жеке куәлiк немесе туу туралы көшiрмесi;
  4. олжа бюросынан анықтама.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi құжаттың түпнұсқасы болып келедi немесе ұсынылатын қызметке дәлелдi жауаппен бас тарту. Мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы толық ақпаратты «ХҚКО» РМК СҚО филиалының Есiл ауданы бойынша бөлiмiнде бiле аласыздар: Явленка селосы, Ленин көшесi 6, сонымен қатар «ХҚКО» РМК интернет-ресурсiнде www.con.gov.kz.

ХҚКО-да E-GOV арқылы талап арыз беру

Қазақстандықтар www.egov.kz Қазақстан Республикасы электрондық портал арқылы сот талапына арыз бере алады.

Қызметтi онлайн алу

1. Порталда авторлану және «Қызметтi онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электронды цифрлы қолтаңбамен). Өтiнiмге құжаттарды тiркеу:

  • талап арыз;
  • өкiлдiң уәкiлеттiлiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге құжат;
  • талапкер өзiнiң талаптарын негiздейтiн жағдайларлы растайтын құжаттар, осы құжаттардың көшiрмелерi жауапкер және үшiншi тараптар үшiн, егер ол жоқ болса;
  • оны даулау кезiнде нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi;
  • кейiнге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе мөлшерлерiн азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдердi және басқаларын егер талап өтiнiште көрсетiлмесе қамтамасыз ету туралы сұраныс хат.

3. Талапкер туралы нысанды және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын — жауапкер туралы мәлiметтердi толтыру (жеке және заңды тұлғалар үшiн). Электронды талап арыз нысаны бiр немесе бiрнеше талапкер және жауапкер нысаны бiр немесе бiрнеше жауапкердiң мәлiметтерiн енгiзуге мүмкiндiк бередi (жеке заңды тұлғалар).

4. Заңды тұлғалар талап арыз бергенде жеке тұлғаның есеп жазбасын қолдану қажет (ЖСН арқылы), одан кейiн талапкер жауапкер туралы мәлiметтерi жолдарын туралы толтырады, бұдан кейiн талапкер туралы мәлiметтер жолынау талапкер ретiнде шығатын адамның мәлiметтерiн толтыру.

5. Қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж алымды төлеу («төлемеу» жолы мемлекеттiк баж алымды төлеуден босатуда толтырылады).

EGOV.KZ электрондық үкiмет порталы арқылы некенiң бұзылуы туралы тiркеуге электронды өтiнiш беру

EGOV.KZ электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтар тiлейтiн некенiң бұзылуы туралы тiркеуге электронды өтiнiш беру.

Қызметтi онлайн алу?

Зайыбын iз-түзсiз жоғалған, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетi шектелген деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгенде, сондай-ақ зайыбын қылмыс жасағаны үшiн 3 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру үшiн:

  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiштiң қажеттi түрiн таңдау;
  3. Өтiнiмдi толтыру және актiлiк жазбаны растауды алу (2 жұмыс күнi iшiнде);
  4. Қосымша мәлiметтер жолын тексеру;
  5. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен);
  6. Оң жауапты алғаннан кейiн АХАТ (тiркелу орны бойынша) органына келу уақыты көрсетiлген хабарламаны жүктеу және қарауға қол жетiмдi болу үшiн қызметтi төлеу қажет;
  7. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) төлем жүргiзгеннен кейiн келiп түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу;
  8. Куәлiк алу үшiн АХАТ-қа жүгiну.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары және мүлiктiк және өзге де шағымдар болмағанда өзара келiсiм бойынша.

Өтiнiш берушiге:

  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiштiң қажеттi түрiн таңдау;
  3. Өтiнiмдi толтыру және актiлiк жазбаны растауды алу (2 жұмыс күнi iшiнде);
  4. Актiлiк жазбаны растауды алу (2 жұмыс күнi iшiнде);
  5. Қосымша мәлiметтер жолын толтыру;
  6. Өтiнiмге қол қою ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбамен);
  7. Өтiнiмге ерi/зайыбының қол қоюын күту (егер ерлi-зайыптының екеуiнiң де келiсiмi бойынша немесе сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзу өтiнiштерiнiң түрi таңдалған жағдайда) қажет. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күте алады, одан кейiн күшiн жояды:

Өтiнiш берудi растайтын ерлi-зайыптының бiрiне:

  1. Авторлану және «Қызметтердi алу тарих» тарауында қол қоюды күтiп тұрған сұранымды таңдау.
  2. Қажеттi өтiнiмдердi толтыру;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен) қажет;
  4. Оң жауап жағдайында өтiнiш берушiлердiң бiрiне АХАТ органына келу уақыты көрсетiлген хабарламаны жүктеу және қарау үшiн қол жетiмдi болатын қызметтi төлеу қажет;
  5. Егер баланың тууы («Кәмелетке толмаған балалар бар» жолын таңдағанда) немесе некенi тiркеу туралы актiлiк жазба автоматты түрде табылмаса, АХАТ бөлiмшесiне туу/некенi тiркеу туралы актiлiк жазбаны қолмен iздеу бойынша қосымша сұраныс ашылады. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешiмi негiзiнде.
  6. Егер өтiнiштi берушi төлемесе, қызметтi төлеу қажет. 1 АЕК (1 852 тенге Төлем карталарымен төлеу VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus, American Express («Казкоммерцбанк» АҚ клиенттерi үшiн ғана), Altyn («Қазақстан Халық банкi» АҚ клиенттерi үшiн ғана).

EGOV.KZ электрондық үкiмет порталы арқылы некенi тiркеуге электрондық өтiнiш беру

Некелерiн тiркеудi жоспарлап жүрген жастар egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы некенi тiркеуге электрондық өтiнiш бере алады.

Онлайн қызметке тапсырыс қалай берiледi?

  • Некенi тiркеуге өтiнiш берушiге:
  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiмде ерiнiң/зайыбының ЖСН көрсету және неке тiркелетiн таңдау;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет;
  4. Бұрынғы ерiнiң/зайыбының өтiнiш берудi растауын алу. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күтуi мүмкiн, одан кейiн күшiн жояды.
  • Некенi тiркеудi растаушыға:
  1. Авторлану және «Қызметтердi алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау;
  2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен);
  3. Егер өтiнiштi берушi төлемесе, қызметтi төлеу қажет. 1 АЕК (1 852 тенге Төлем карталарымен төлеу VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus, American Express («Казкоммерцбанк» АҚ клиенттерi үшiн ғана), Altyn («Қазақстан Халық банкi» АҚ клиенттерi үшiн ғана);
  4. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

Электрондық өтiнiм беру үшiн екi өтiнiш берушi де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екiншi және одан кейiнгi некенi тiркеуге өтiнiштi портал арқылы беру мүмкiн емес.

Некенi тiркеуге онлайн өтiнiштi некелесудiң белгiленген күнiне дейiн 30 күнтiзбелiк күн бұрын беру қажет.

Мемлекеттiк қызметкерлерге арналған тестiлеуге жазылу E-GOV.KZ электрондық үкiмет порталы арқылы

Бүгiнгi таңда барлық азаматтар өз қалауы бойынша үйде отырып мемлекеттiк қызметкерлерге арналған тестiлеуге жазылу болады. Сол үшiн «электрондық үкiметтiң» (egov.kz) веб-порталына кiрiп «жұмысқа орналасу» тарауында «тестке жазылу» қызметiн таңдау қажет, қызмет тегiн көрсетiледi.

Қызметтi онлайн алу:

  • Порталда авторлану және «Қызметтi онлайн алу» батырмасы бойынша өту;
  • Өтiнiмдi толтыру және жiберу (ЭЦҚ талап етiлмейдi). Өтiнiштi толтырған кезде санат, тестiлеу күнiн және уақытын таңдау қажет;
  • Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) көрсетiлген уақыт iшiнде түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу;
  • Тестiлеуден өту үшiн қолхатпен мемлекеттiк органға жүгiну.

Мемлекеттiк органда тестi тапсыру үшiн қажеттi қолхат мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi болып табылады.

E-GOV.KZ электрондық үкiмет порталы арқылы жергiлiктi салықты төлеуге болады

(E-GOV.KZ) ҚР электрондық үкiмет порталында жергiлiктi салықтар онлайн төлем қызметтерi жетiлiмдi: жылжымайтын мүлiк салығы, жеке тұлғаларға арналған жер телiмi салығы.

Салықты онлайн төлеу:

  • Порталда авторлану және «Онлайн төлеу» батырмасы бойынша өту;
  • Салық органын таңдау (салық салынатын объектiнi тiркеу орны бойынша) және төленетiн салық сомасының мөлшерiн көрсету;
  • Ұсынылған онлайн-төлеу тәсiлдерiнiң бiрiн таңдау;
  • Енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығын растау және төлемдi жүргiзудi жалғастыру;
  • Төлем картасының мәлiметтерiн енгiзу: нөмiрi, иесiнiң ТАӘ, қолданылу мерзiмi және CV-код (бiрiншi тәсiлдi таңдауда);
  • Жеке кабинетте төлем туралы чекпен танысу («Төлемдердi жасау тарихы» тарауында);
  • Қажеттiлiгi болғанда сiз салық төлемi айғағын растау үшiн басып шығарылған чектi Салық комитетiнде ұсынуға болады.

Онлайн төлем тәсiлi:

Барлық банктердiң VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus төлем карталарының көмегiмен, American Express тек «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттерi үшiн ғана, Altyn «Қазақстан Халық банкi» АҚ клиенттерi үшiн ғана.

EGOV.KZ АҚ қызметтерi «Қазақтелеком» электрондық үкiмет порталы арқылы төлеуге болады

(Egov.kz.) АҚ «Қазақтелеком» электрондық үкiмет порталы арқылы қызметтердi төлеуге болады. Қай кезде, қай жерде болсада интернет арқылы телефонды төлеуге болады.

Ол үшiн мiндеттi түрде порталға тiркелу қажет, «көлiк және комуникацияға» өту. АҚ «Қазақтелекомның сол жақ бөлiгiнде сiлтеме көрiнедi» «комуникацияны», басқаннан кейiн сәуле қызметке арналған бөлiмiмен — төлемдер — ақы төлеу.

Енгiзуден кейiн телефон нөмiрлерi квитанция түрiнде. Оған төлеу сомасын белгiлеу, содан кейiн банкiлiк картаны. Жеке жұмыс бөлмесiнде (бөлмеде «ақы төлеу тарихы») ақы төлеу туралы чекпен танысу.

Сонымен қатар белгiлену АҚ «Қазақтелеком» ақылы төлеу электрондық-цифiрлiк қол қою (ЭЦҚ) қажет емес. Пайдалануға нақты қызмет өндiрiлмейдi.

Egov.kz тұратын жерiмен тiркеу (тiркеме) электрондық үкiмет арқылы

Egоv.Kz сайтында қараусыз жаңа қызмет «тұратын жерiмен тiркеу (тiркеме) электрондық үкмет арқылы». www.egov.kz. арқылы үйден шықпай маңызды тiптi оңай қызмет алуына және қашанда оны орындауға болады

Процедура қабылдау үкiмi Egоv.kz онлайн порталы арқылы:

  • мәлiмдеменi толтыру жәнеде қол қою (электрондық цифiрлiк қол)

Мәлiмдемеге құжаттарды қосу:

  • Меншiк иесiнiң келiсуi ЭСҚ мен дәлелдеген (егер мәлiмдеушi меншiк иесiмен келмесе)
  • Туынды төлеу халықаралық көмекпен төленетiн карт барлық банктерде ҚР белгiсiмен VISA, VISA EIECTRON, MASTER CARD осы кезде комиссияның бағасы 100 теңгенi құрайды.

Қызметтi бетте пайдаланылады, жаңа тұлғада жеке куәлiк иеленушi, микросхемада (чипте) қайсыбiрi мекенжай анықтамасы (тiркелуi) өтiнiш берушi. Анықтаманы өзгерту деректерi (шығару/тiркеу) микросхемада сақталады (чипте) куәлiктiң.

Е-gov.kz порталы арқылы көлiк жүргiзуге сенiмхат ресiмдеу

Оқушылардың ата-аналары мекенжай анықтамасын egov.kz арқылы ала алады

Салықтық берешектiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ (бар)екенi туралы мәлiметтер алу

Электрондық үкiмет порталы арқылы жүргiзушi куәлiгiн алу

ХҚКО арқылы электрондық анықтамаларды беру

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтерi

Алкоголь өнiмдерiн сақтауға және бөлшек саудада өткiзуге лицензия беру

«Жаңа басылымдағы көшi-қон полиция бөлiмi (КҚПБ) бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет стандарттары»

2014 жылдың 24.02 № 132 ҚР Үкiметiнiң Қаулысымен КҚПБ бағыты бойынша жаңа мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлдi, нақты:

  1. «ҚР азаматтарына жеке куәлiк, төлқұжаттарын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
  2. «ҚР азаматтарына уақытша жеке куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
  3. «ҚР азаматтарын тұрғылықты мекен жайына тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
  4. «ҚР азаматтарын тұрғылықты мекен жай тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызмет стандарты;
  5. «Тұрғылықты мекен жайынан мекенжай анықтамасын беру» мемлекеттiк мемлекеттiк қызмет стандарты;

Жоғарыда көрсетiлген стандартта қызметтердi алуға ұсынылатын құжаттар тiзiлiмiнiң, қызметтердi көрсету мерзiмдерiнiң қысқартылуы. Аталған қызметтердi қызмет алушының электрондық қолтаңбасының (ЭЦҚ) және интернет желiсiне қосылу болған жағдайда Электронды үкiмет порталында тiркелу арқылы қызметтердi алуға болады.

Бекiтiлген мемлекеттiк қызметтердi көрсету стандарттар тiзiмi

Композиттiк қызмет «Бала туу»

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi пилоттық режимiнде

Электрондық үкiмет порталы арқылы жүргiзушi куәлiгiн алу

ХҚКО арқылы жеке тұлғаның қылмыс жасағаны туралы мәлiметтердiң болуы не болмауы туралы ақпарат беру

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2017 17:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.09.2017 17:23

СҚО Есiл ауданы әкiмi
Абдоллаев Алтынбек Тоғайбекұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚРухани жангыру

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Есiл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+