Солтүстік Қазақстан облысының Есiл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлiмi» КММ

Толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Мекен-жай: 150500, СҚО, Есiл ауданы, Явленка с., Тимофеева к., 32

Телефон: +7 71543 7-91-09

Ресми интернет-ресурсы: http://ov-esl.sko.kz/page/read/index.html

Басшылық

Бөлiм басшысының мiндетiн атқарушы — Сәрсембай Қайырбекұлы Тукенов

Бөлiмiнiң функциялары

  • облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшiн жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
  • қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
  • ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;
  • мүдделi тұлғаларға өткiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • ветеринария мәселелерi бойынша тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
  • жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;
  • жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
  • жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;
  • аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау жөнiнде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгiзу;
  • аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринарлық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдер қабылдау жөнiнде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгiзу;
  • мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер тiзiмiн бекiту;
  • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларға зерттеу жүргiзу;
  • эпизоотологиялық зерттеу актiсiн беру;
  • Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
  • iшкi сауда объектiлерiнде;
  • жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
  • ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларда;
  • экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
  • экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
  • тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
  • экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асыру;
  • мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге;
  • байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
  • жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасау;
  • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
  • уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастыру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттiлiктi айқындау және облыстың жергiлiктi, атқарушы органына ақпарат беру;
  • ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну;
  • облыстың жергiлiктi атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
  • бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi жөнiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына ұсыныстар енгiзу;
  • ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
  • облыстың жергiлiктi атқарушы органына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;
  • ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу;
  • жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2017 15:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 15:59

СҚО Есiл ауданы әкiмi
Абдоллаев Алтынбек Тоғайбекұлы

Промышленная Революция 4.0

Қыркүйек 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚРухани жангыру

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Есiл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+